Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО)

Сириядан оралған әйелдің қазақтың дәстүрлі бесікке салу рәсімін «ширк» деп атағаны әлеуметтік желіде үлкен талқылауға себеп болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ол өз пікірінде қазақ дәстүріндегі кейбір салттарды діни тұрғыдан дұрыс емес деп санайтынын айтып, «же

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО)

Сириядан оралған әйелдің қазақтың дәстүрлі бесікке салу рәсімін «ширк» деп атағаны әлеуметтік желіде үлкен талқылауға себеп болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Ол өз пікірінде қазақ дәстүріндегі кейбір салттарды діни тұрғыдан дұрыс емес деп санайтынын айтып, «жеті шелпек пісіру міндетті емес, бәрі адамдардың өз ойынан шыққан» деген пікір білдірді.

Бұл сөз көпшіліктің ашу-ызасын туғызды. Желі қолданушыларының басым бөлігі мұндай көзқарасты «ұлттық құндылыққа қол сұғу» деп бағалады. Кейбіреулер қара киюді «өлген адамның әдеті» десе, енді бірі қазақ дәстүрін араб мәдениетімен шатастырмау керектігін алға тартты.

Пікір қалдырғандардың бір бөлігі қоғамда жалған діни ағымдардың таралуын білімнің аздығымен байланыстырды. «Қоғам надан болған сайын адасқан пікірлер көбейеді. Бұған қарсы күрестің ең дұрыс жолы – білім мен ағартушылық», – деп жазды желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от zang_sөzi (@zang_szi)

Ұқсас материалдар

«Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесудің бәрі ширк»: Желіде салт-дәстүрлерді жоққа шығарған әйел дау туғызды (ВИДЕО) · Todayinfo