Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Бір аптада қанша шенеуніктің жемқорлықпен сотталғаны белгілі болды

Өткен аптада сыбайлас жемқорлықпен ұсталған біршама шенеунікке үкім шықты. Todayinfo Антикордың ақпаратына сүйене отырып, олардың тізімін жасап шықты. 1. Л. Каткеева – Алматы облысы Іле аудандық білім бөлімінің басшысы. • Жаза: 8 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
Бір аптада қанша шенеуніктің жемқорлықпен сотталғаны белгілі болды
Өткен аптада сыбайлас жемқорлықпен ұсталған біршама шенеунікке үкім шықты. Todayinfo Антикордың ақпаратына сүйене отырып, олардың тізімін жасап шықты. 1. Л. Каткеева – Алматы облысы Іле аудандық білім бөлімінің басшысы. • Жаза: 8 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым. 2. 7 бухгалтер (есімдері аталған жоқ) – сол бөлімнің қызметкерлері. • Жаза: 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте 10 жыл қызмет атқаруға тыйым. 3. Е. Байқожа – Алматы қаласының тұрғыны. • Жаза: 11 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте өмір бойына тыйым. • Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген. 4. А. Сағымбеков – Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы. • Жаза: 15 млн теңге айыппұл, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте өмір бойына тыйым. • Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген. 5. А. Күзембаев – «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. • Жаза: 10 млн теңге айыппұл, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте өмір бойына тыйым. • Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген. 6. Н. Қалдыбаев – Тараз қаласының құрылыс бөлімінің басшысы. • Жаза: 4 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте өмір бойына тыйым. 7. О. Ерболатұлы – мердігерлік ұйым өкілі. • Жаза: 6 жыл бас бостандығынан айыру, 10 жылға қаржы бөлуге қатысты қызмет атқаруға тыйым. 8. Э. Мұрадов – Тараз қаласының тұрғыны. • Жаза: 10 жыл бас бостандығынан айыру. • Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген. 9. Т. Телеуов – Тараз қаласының тұрғыны. • Жаза: 9 жыл бас бостандығынан айыру. • Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген. 10. С. Үкімбаев – облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы. • Жаза: 3 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметте өмір бойына тыйым. • Ескерту: Сот актісі заңды күшіне енбеген.

Ұқсас материалдар

Бір аптада қанша шенеуніктің жемқорлықпен сотталғаны белгілі болды · Todayinfo