Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Бішкектегі мектепке жазушы Кемел Тоқаевтың есімі берілді

Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияға қазақ совет жазушысы, ҰОС ардагері Кемел Тоқаевтың есімі берілді. Бастаманы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ұсынған,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияға қазақ жазуш

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Бішкектегі мектепке жазушы Кемел Тоқаевтың есімі берілді
Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияға қазақ совет жазушысы, ҰОС ардагері Кемел Тоқаевтың есімі берілді. Бастаманы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ұсынған,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қырғызстан астанасы Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияға қазақ жазушысы және Ұлы Отан соғысының ардагері Кемел Тоқаевтың есімі берілді. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов ресми мәлімдеді.

Оның айтуынша, мектепке есім беру бастамасын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көтерген. Бұл ұсыныс Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресейге жасаған жұмыс сапары кезінде жеткізілген.

Хабарламада айтылғандай, Ұлы Отан соғысы жылдары Кемел Тоқаев қазіргі №33 мектеп орналасқан ғимаратта болған Фрунзе әскери жаяу әскер училищесінде білім алған. Кейін дәл осы жерден майданға аттанған. Бұл тарихи дерек мектепке есім беру шешіміне негіз болды. Кемел Тоқаұлы Тоқаев – көрнекті қазақ совет жазушысы, журналист және редактор. Ол қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған тұлғалардың бірі. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагері, Сталинград шайқасына қатысқан.

Ол "Қазақстан пионері" және "Социалистік Қазақстан" газеттерінде редактор, ал 1960–1977 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Ведомости" газетінің бас редакторы қызметін атқарды.

Жазушының қаламынан "Жұмбақ із", "Соңғы соққы", "Солдат соғысқа аттанды" сынды шығармалар туған.

Ұқсас материалдар

Бішкектегі мектепке жазушы Кемел Тоқаевтың есімі берілді · Todayinfo