Өскемен орталығында ер адамның мәйіті табылды
Өскемен орталығындағы айналма жолдан ер адамның мәйіті табылды. Полиция тергеу бастап, «бірнеше адам қаза тапты» деген қауесеттерді таратпауға шақырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Өскемен орталығындағы айналма жолдан, бұрын «Бәйтерек» монументі орналасқан жерден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу-жедел іс-шаралар кешенін жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
«Нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қайтыс болған адамның жеке басы, сондай-ақ өлімнің себептері мен мән-жайлары анықталуда», — деп хабарлады ШҚО ПД.
Оқиғадан кейін қалада бірнеше мәйіт табылды деген қауесет тарады. Алайда полиция бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, азаматтарды тек ресми деректерге сүйенуге шақырды.
Ұқсас материалдар

13-летний подросток задержан по делу о гибели 12-летнего мальчика в Алматы

Алматыда 12 жастағы жасөспірім қаза тапты: күдікті 13 жаста

Найзағай, бұршақ, шаңды дауыл: 12 маусымға арналған болжам жарияланды
