БҚО-да орташа айлық жалақы 16,6%-ға өсті
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен баспасөз мәслихатында Нариман Төреғалиев облыстың негізгі экономикалық өсім көрсеткішіне тоқталды. Облыс экономикасының негізгі салалары бойынша тұрақты өсімг

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен баспасөз мәслихатында Нариман Төреғалиев облыстың негізгі экономикалық өсім көрсеткішіне тоқталды.
Облыс экономикасының негізгі салалары бойынша тұрақты өсімге қол жеткізген. Атап айтқанда, құрылыс саласындағы жұмыстар көлемі 9%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 4,1%-ға артып, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2%-ға өсті. Ішкі сауда көлемі 0,7%-ға, көлік қызметтері 1,2%-ға, байланыс қызметтері 6,2%-ға, өнеркәсіп 3,6%-ға, ал ауылшаруашылығының жалпы өнімі 6,4%-ға артты.
Өткен үш жылда жалпы өңірлік өнімнің көлемі 4,4 трлн теңгеден 4,7 трлн теңгеге немесе 6,5%-ға өсті. Облыс бюджеті 33,5% ұлғайып, 475 млрд теңгеден 634 млрд теңгеге жетті. Мемлекеттік бюджетке 1,6 трлн теңге түсті, оның ішінде 597 млрд теңге жергілікті бюджетке, ал 990 млрд теңге республикалық бюджетке бағытталды. Сонымен қатар Ұлттық қорға 2,8 трлн теңге аударылды.
Орташа айлық жалақы 316 мың теңгеден 369 теңгеге немесе 16,6 пайызға артты.
Ұқсас материалдар

Батыс Қазақстан
БҚО-да 1 млрд теңгелік инвестициялық жоба іске қосылды
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
«Мөлдір бұлақ»: БҚО-да республикалық тазалық акциясы өтті
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
Абай полиция бөлімінің әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді
Айдар Керім·

Батыс Қазақстан
Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті
Жаннұр Еділбаева·