Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Бүгіннен бастап елімізде -23°C дейін күн суытады

2025 жылғы 18-20 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері жаңа болжамда хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мамандардың айтуынша, тұрақсыз ауа райының себебі – республиканың үстінен өт

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Бүгіннен бастап елімізде -23°C дейін күн суытады
2025 жылғы 18-20 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері жаңа болжамда хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мамандардың айтуынша, тұрақсыз ауа райының себебі – республиканың үстінен өтетін Атлант циклоны. Ол жаңбыр мен қар әкеледі, кей жерлерде төменгі боран мен мұз басу ықтимал.
"Елдің оңтүстік-батысы мен шығысында 19-20 қарашада антициклонның әсерінен құрғақ ауа райы, жауын-шашынсыз болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, республиканың барлық аумағында желдің күшеюі мен тұман күтіледі. Ауа температурасына келер болсақ, айтарлықтай өзгерістер болмайды. Тек елдің шығысында түнгі уақытта температура -6°С-тен -23°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2°С-тен +10°С-қа дейін жылы болады. Бұған дейін "Қазгидромет" РМК директоры Марина Шмидт елдегі климат өзгерістері туралы айтып, температураның көтерілуі мен жел жылдамдығының төмендеуі климаттың басты ерекшеліктері екенін атап өткен.

Ұқсас материалдар

Бүгіннен бастап елімізде -23°C дейін күн суытады · Todayinfo