200 млрд теңге: БЖЗҚ қаржысын жалған тіс емдеу құжаттарымен шешкендер тексеріліп жатыр
Қаржылық мониторинг агенттігі БЖЗҚ-дан ақшаны жалған тіс емдеу құжаттарымен шешу ісін тергеп жатыр. Сома 200 млрд теңгеден асады.

Қаржылық мониторинг агенттігі БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын заңсыз шешу деректерін тергеп жатыр: күдіктілер ақша алу үшін жалған стоматологиялық келісімшарттар мен медициналық анықтамалар жасаған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметіне қарағанда, қылмыстық тізбекке 42 стоматологиялық клиника қатысқан. Олар азаматтарға құжат рәсімдеп беруді «жеңілдетіп», соның ақысын қосымша комиссия түрінде алған.
Күдіктілер «көмек» көрсеткені үшін шешілген соманың 10–20 пайызын алып отырған. Тергеушілер анықтаған алдын ала есеп бойынша, заңсыз шығарылған қаражат 200 млрд теңгеден асып кеткен.
Агенттік 11 адамды қамауға алып, тағы 3 күдіктіні үйқамаққа жіберген. Тергеу жалғасып жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко жаһандық амбассадор атанды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
37 км шұңқыр жолмен жүрген: СҚО жедел жәрдем көлігінде жүкті әйелдің жатыры жарылып кеткен
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан әлемдік БАҚ назарында: шетелдік басылымдар Тоқаевтың Шанхайға сапарын қалай бағалады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Неліктен Қазақстан инвесторлар үшін Өзбекстан мен Орталық Азияның өзге елдеріне қарағанда тартымды?
Жаннұр Еділбаева·