Таразда «Жамбыл су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері жұмыс орнында алған жарақаттан көз жұмды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Бұл ақпаратты аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға құрылыс алаңында болған. «МАЗ» жүк көлігінің жүргізушісі 58 жастағы ер адамды қағып кеткен.
Салдарынан зардап шеккен ауыр жарақат алып, аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.




