Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

Ақтөбе облысында дрон сынықтары табылды

Оқиға сәті видеоға түсіп қалған көрінеді.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Ақтөбе облысында дрон сынықтары табылды
📷 видео скриншот

Ақтөбе облысында Әлімбет ауылының маңынан ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, нысан далаға таңғы сағат 08:30 шамасында құлаған.

Куәгерлер құлаған дыбысты естігенін, содан кейін жарылыс болғанын айтады.

Оқиға сәті видеоға түсіп қалған көрінеді.

Аппараттың фрагменттері елді мекеннен шамамен 2,5 шақырым жерден табылды.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті нысанның табылғанын растап, тексеру басталғанын хабарлады.

Аталған нысан елді мекеннен тыс жерде табылды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп атап өтті ведомстводан.

Оқиға орнында уәкілетті қызметтер жұмыс істеуде. Олар ұшқышсыз аппараттың қайдан келгенін және оның құлау себептерін анықтап жатыр.

Ұқсас материалдар

Ақтөбе облысында дрон сынықтары табылды · Todayinfo