Танымал актер Қажет Смағұл әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялап, оқырмандардың назарын аударды. Өзінен 25 жас кіші әйел алған актер бұл жолы тағы да үйленгісі келетінін айтып, жас айырмашылығы бар некеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
"Дені дұрыс қыз керек. Жас әйел болмайды екен. Кеше қан қысымым көтеріліп, дәрі алып келші десем, активті көмір алып келген. Тамақ істеші десем, "тапсырыс бере салайықшы" дейді. Тоңазытқышты ашсам, ішінде жастар жейтін чипсы тұр. Жақсы, тапсырыс бер десем, "суши, пицца" дейді", – деді актер.
Алайда оның бұл сөзі желі қолданушыларының ашуын тудырды. Көпшілік актердің жас әйел туралы айтқан пікірін сынға алып, түрлі пікір қалдырған.
"Тең-теңімен, тезек қабымен деп бекер айтылмаған", "Сауап болыпты", "Қатынға тоймайды екен", "Обалың жоқ, жас қатында нең бар еді?", "Не деп мылжыңдап отыр?" – деп жазды оқырмандар.




