Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

Димаш Құдайбергенге Латвияның құнды жәдігері сыйға тартылды

Фото: dimashnews.com Димаш Құдайберген «Stranger» жеке концерті өтетін Рига қаласына барды. Жанкүйерлері әншіні әуежайдан ыстық ықыласпен қарсы алып, оған дәстүрлі музыкалық аспап — коклені сыйға тартты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Кокле — ежелгі музыкалық аспа

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Димаш Құдайбергенге Латвияның құнды жәдігері сыйға тартылды
Фото: dimashnews.com Димаш Құдайберген «Stranger» жеке концерті өтетін Рига қаласына барды. Жанкүйерлері әншіні әуежайдан ыстық ықыласпен қарсы алып, оған дәстүрлі музыкалық аспап — коклені сыйға тартты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Кокле — ежелгі музыкалық аспап. Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, оның пайда болуы балтық тайпалары кезеңіне дейін барады. XIII ғасырдың өзінде-ақ осы аспапта кәсіби деңгейде ойнаған музыканттар тобы болған екен. Аспаптың құрылысы қуыс трапеция пішінді денеден және жұқа ағаш тақтайшадан тұрады. Жіңішке металл өзекке 6-дан 9-ға дейін, қазіргі заманда 20-ға дейін жететін ішектерді бекітетін ағаш түйреуіштер орнатылады. Бұл аспапқа қатысты көптеген аңыздар бар. Оның аты халық ертегілері мен жырларында жиі аталады. Кокле сондай-ақ, Латвияның мәдени канонына да енгізілген. Латвиядағы Димаш фан-клубының өкілдері халықтың бұл музыкалық аспапқа ерекше ілтипатпен қарайтынын және коклені сыйға тартқанда, әдетте оны тоқыма жылы көрпеге орап беру дәстүрге айналғанын айта кетті.

Ұқсас материалдар