«Діни алауыздық туғызуы мүмкін»: Әнші Рүстем Жүгінісовке 79 мың теңге айыппұл салынды
Фото: instagram.com/zhugunussov Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әнші Рүстем Жүгінісовке 79 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Todayinfo.kz Сотта әншінің айтқан екі пікірі қаралған. 2023 жылғы 31 желтоқсанда Жүгінісов TikTok-та "Жаңа жылды тойлау керек пе

Фото: instagram.com/zhugunussov
Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әнші Рүстем Жүгінісовке 79 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Сотта әншінің айтқан екі пікірі қаралған.
2023 жылғы 31 желтоқсанда Жүгінісов TikTok-та "Жаңа жылды тойлау керек пе?" деген сұрақ қойып, "пайғамбар да, ата-бабаларымыз да бұл мейрамды тойламағанын" айтқан.
Екіншісі - Ақтөбедегі мешіт оқиғасы. Әнші әлеуметтік желіде тараған видеоны талқылап, онда ер адам "бір реттік неке" ұсынған қызды айыптап, әйелдердің мешітке тек әкесі не бауырының еріп баруымен келуін жөн көретінін айтқан болатын.
Сараптама мұндай пікірлер қоғамда діни алауыздық туғызуы мүмкін деген баға берген.
Осыған байланысты Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әнші Рүстем Жүгінісовті Әкімшілік кодекстің 453-бабына сәйкес кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге айыппұл салды.
Ұқсас материалдар

Шоу бизнес
«Баян Мақсатқызы күйеуге шықсаң да, бала тусаң да келіп жұмыс істейсің»: Танымал әнші продюсері туралы бар шындықты жайып салды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Некесіз туған ұлы»: Мейрамбек Беспаев туралы ел естімеген шындық тарады
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Дірілдеп жатыр»:: әнші Бүркіттің қарындасының жағдайы ауыр екені айтылды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Жүрегі тоқтап қалса ше?»: журналист Мөлдір Әуелбековаға араша түсті
Айғаным Нариманова·