Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Допинг дауы: Әлімханұлының қанынан табылған зат жекпе-жекке кедергі болды

Қазақ боксындағы суық хабар: Әлімханұлы мен Лара жекпе-жегі ресми түрде өтпейді Қазақстандық жанкүйерлер асыға күткен жылдың басты жекпе-жектерінің бірі болмайтын болды. Орта салмақтағы қос чемпион Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лара арасындағы кездесу ресми түрде күнті

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Допинг дауы: Әлімханұлының қанынан табылған зат жекпе-жекке кедергі болды
Қазақ боксындағы суық хабар: Әлімханұлы мен Лара жекпе-жегі ресми түрде өтпейді

Қазақстандық жанкүйерлер асыға күткен жылдың басты жекпе-жектерінің бірі болмайтын болды. Орта салмақтағы қос чемпион Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лара арасындағы кездесу ресми түрде күнтізбеден алынып тасталды.

Бұл туралы танымал америкалық журналист Дэн Рафаэль хабарлады. Инсайдердің дерегінше, жекпе-жектің тоқтатылуына "Qazaq Style" лақап атымен танымал отандасымыздың допинг-сынамасының нәтижесі себеп болған.

VADA (Ерікті допингке қарсы қауымдастық) ұйымының тексерісі бойынша, қазақстандық боксшының ағзасынан тыйым салынған мельдоний препаратының ізі табылған.

«Qazaq Style» орнына кім шығады?

Дэн Рафаэль өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайдың мән-жайын ашып жазды:

«Шұғыл ақпарат: Қолыма Жәнібек Әлімханұлының VADA тестінің көшірмесі түсті. Өкінішке қарай, біріккен чемпионның қанынан мельдоний анықталды. Осы себепті сенбіге жоспарланған Лараға қарсы жекпе-жек өтпейді. Қазір ұйымдастырушылар жаңа қарсылас тапты».

Premier Boxing Champions промоутерлік компаниясы да қарап қалмады. Олар жедел түрде Жәнібекті алмастыратын боксшыны жариялады. Енді Эрисланди Лара колумбиялық Йохан Гонсалеспен (36-4, 24 KO) жұдырықтасады.

Айта кетейік, 34 жастағы Гонсалес осал қарсылас емес. Ол биыл наурыз айында бұрынғы әлем чемпионы Джарретт Хердті жеңіп, үлкен сенсация жасаған болатын.

Чемпионның жауабы: «Бұған сенбеймін»

Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген ақпараттан соң, WBO және IBF белбеулерінің иесі Жәнібек Әлімханұлы үнсіз қалмады. Ол жағдайдың түсініксіз екенін айтып, өзінің таза екендігіне сенімді.

«Менің таза спортты әрқашан қолдайтынымды білесіздер. Бұл жаңалықты естігенде өзім де шошып кеттім. VADA алған алғашқы тестім таза шыққан еді. Мен ешқандай қоспаны немесе дайындық барысын өзгерткен емеспін. Екінші сынамада не болғанын түсінбеймін, сондықтан қайта тексеруді талап еттім», – деді Жәнібек.

Қазіргі уақытта жағдайды толық анықтау үшін қосымша сараптамалар мен талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстандық жанкүйерлер бұл түсініспеушілік оң шешімін табады деп үміттенеді.

Ұқсас материалдар

Допинг дауы: Әлімханұлының қанынан табылған зат жекпе-жекке кедергі болды · Todayinfo