Дубайдағы 23 Marina Tower ғимаратына Ираннын дроны құлады
Ирандық ұшқышсыз ұшу аппараты Дубайдағы танымал туристік аймақтардың бірі – 23 Marina Tower тұрғын үй мұнарасына соққы жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) мәлімдеген, деп жазды Deutsche Welle. Иран тарапының айтуынша, шабу

Ирандық ұшқышсыз ұшу аппараты Дубайдағы танымал туристік аймақтардың бірі – 23 Marina Tower тұрғын үй мұнарасына соққы жасағаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) мәлімдеген, деп жазды Deutsche Welle.
Иран тарапының айтуынша, шабуылдың негізгі нысанасы америкалық әскери күштер болған. Оқиға орнынан тараған бейнежазбаларда ғимарат маңынан қою түтін көтерілгені байқалады. Дегенмен дрон ғимаратқа тікелей тигені ме, әлде БАӘ әуе қорғаныс жүйесі оны жойғаннан кейін сынықтары құлағаны ма – әзірге нақтыланбады.
Кейін Дубай билігі ұсталған дронның қалдықтары 23 Marina Tower ғимаратының қасбетіне аздаған зақым келтіргенін растады. Ресми мәліметке сәйкес, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі дронды сәтті тоқтатқан, ал оның сынықтары Dubai Marina ауданындағы мұнаралардың біріне түскен.
Сонымен бірге сол күні Дубайда тағы бір қайғылы жағдай тіркелді. Биліктің хабарлауынша, Al Barsha ауданында әуе шабуылын тойтару кезінде құлаған сынықтар көлікке түсіп, нәтижесінде азиялық текті жүргізуші қаза болған.
КСИР мәліметіне қарағанда, 7 наурыз күні Иран әскері АҚШ пен Израильге қатысты бірнеше нысанаға соққы жасаған. Мәлімдемеде Израильдің солтүстігіндегі Haifa қаласындағы әскери мақсаттар «Хейбар Шекан» атты жаңа қатты отынды зымырандармен атқыланғаны айтылған. Сонымен қатар КСИР-дің әскери-теңіз күштері АҚШ әскери күштерін қолдайтын инфрақұрылымдарға, соның ішінде Salman Port портындағы нысандарға соққы жасаған.
28 ақпаннан бері Иран АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған шабуылдарға жауап ретінде Израиль аумағына және Парсы шығанағындағы америкалық әскери базалар орналасқан елдерге зымырандар мен дрондар жіберіп келеді.
Бұл шабуылдардың салдарынан Dubai International Airport инфрақұрылымына белгілі бір деңгейде зақым келген. Ұсталған дрондардың сынықтары құлаған кезде әйгілі Burj Al Arab қонақ үйінде өрт шыққаны хабарланды. Сонымен қатар жасанды Palm Jumeirah аралындағы Fairmont The Palm қонақ үйі маңында да өрт тіркелген.
Фото: aljazeera
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Біз ауқымды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеміз». Ерлан Қарин Тоқаевтың негізгі 9 үндеуін бөліп көрсетті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нурлыбек Налибаев ознакомился с ключевыми проектами Костанайской области
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Депутат Пономарев предложил усилить экологическое просвещение в Казахстане
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Түркістандық педагог сот залында өзіне қол салмақ болды
Айғаным Нариманова·