Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровты өлтірген күдікті сотталды

Астанада Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты үкім шықты.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровты өлтірген күдікті сотталды

Іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жабық қаралған. Айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Сот шешімімен оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген.

Еске салайық, Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада соққы салдарынан көз жұмған оқиға 30 қазанға қараған түні болған. Бас прокурордың орынбасар Ғалымжан Қойгелдиев Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты пікір білдірген еді.

Бұған дейін бүгін, 26 қаңтар күні, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталатыны хабарланған болатын.

Ұқсас материалдар

Экс-шенеунік Ержан Бабақұмаровты өлтірген күдікті сотталды · Todayinfo