Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның пәтерін тартып алуға тырысқан іс бойынша үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға қарт адамның танысы хабарласқан. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары зейнеткерді қала маңындағы елді мекендердің бірінен тапқан. Оны үш адам ұстап, жылжымайтын мүлікті өз атына қайта рәсімдеуге мәжбүрлемек болған.
«Қазіргі уақытта күдіктілер – екі ер адам және бір әйел – уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс тергелуде», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Бұған дейін Todayinfo Жамбыл облысында мектеп оқушысын ұрлау әрекеті, сондай-ақ Ақтөбеде баланы ұрлауға талпыныс туралы хабарлаған болатын.




