Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Әбдікәрімова ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынасты астарлап жеткізді. 

"Сезім бір күнде сөнбейді. 
Айтылмай қалған бір сөзден, қойылмай қалған бір сұрақтан суына бастайды.
Енді мен: 
“Қашан келесің?”
“Кешкі асқа не жегің келеді?”
“Шаршадың ба?”- деп сұрамаймын.
Енді сен:
“Мені сағындың ба?”
“Қолшатырыңды алдың ба?”
“Неге күлмейсің?”-деп сұрамайсың.
Көздеріміз ашық, бірақ, онда сәуле жоқ. Жүрегіміз соғып тұр, бірақ, бір-біріміз деп емес. Неге? Бізді бұл күйге салған тіршілік пе, әлде тұрмыс па? 
Немқұрайлық… 
Құтқара аламыз ба?", - деп жазды ол. 

Актрисаның оқырмандары оның бұл жазбасын оғаш көріп, алаңдаушылық білдірді.