Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ер адам әйелін күрекпен ұрып өлтіріп, денесін орманда жасырған

Ставрополь өлкесінде 46 жастағы Андрей есімді азамат жұбайын өлтіргенін мойындап, полицияға өз еркімен келді,деп хабарлайды Todayinfo. Қанды оқиға Железноводск қаласында орын алған. Жұма күні кешке ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Күйеу

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Ер адам әйелін күрекпен ұрып өлтіріп, денесін орманда жасырған
Ставрополь өлкесінде 46 жастағы Андрей есімді азамат жұбайын өлтіргенін мойындап, полицияға өз еркімен келді,деп хабарлайды Todayinfo. Қанды оқиға Железноводск қаласында орын алған. Жұма күні кешке ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, оның соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Күйеуі әйелін күрекпен ұрып-соғып, соққының ауырлығынан ол сол жерде көз жұмған. Қылмысты жасыру мақсатында Андрей марқұмның денесін 200 литрлік бөшкеге салып, оны орманға апарған. Айғақтарды жасыру үшін ол әйелінің көлігін пайдаланып, кейін ізін жасыру мақсатында бірнеше түрлі көлік ауыстырған. Алайда, екі күн өткен соң, ар-ожданы маза бермеген ер адам полицияға өзі келіп, болған жағдайды толық баяндап, дененің орналасқан жерін де көрсеткен. Қазір күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.  

Ұқсас материалдар

Ер адам әйелін күрекпен ұрып өлтіріп, денесін орманда жасырған · Todayinfo