Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Ешқандай жаза өтемедім»: Балиді шулатқан қазақ қызы мәлімдеме жасады

Балидегі жанжалдан кейін елге оралған модель Гүлсезім Алтайбекова тіл қатты, деп хабарлайды Todayinfo . «Мен ешқандай жаза өтеген жоқпын. Тараптар келісімге келіп, мәселе бейбіт шешілді. Маған қатысты жалған мәлімет таратуды тоқтатуды өтінемін» – деді модел желідегі жазбасында. А

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
«Ешқандай жаза өтемедім»: Балиді шулатқан қазақ қызы мәлімдеме жасады

Балидегі жанжалдан кейін елге оралған модель Гүлсезім Алтайбекова тіл қатты, деп хабарлайды Todayinfo.

«Мен ешқандай жаза өтеген жоқпын. Тараптар келісімге келіп, мәселе бейбіт шешілді. Маған қатысты жалған мәлімет таратуды тоқтатуды өтінемін» – деді модел желідегі жазбасында.

Алтайбекова жанашырлық танытып, қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтқан.

Бұған дейін белгілі болғандай, Индонезияда Гүлсезім Алтайбекова мен ресейлік блогер Карина Фадеева арасында Бали аралындағы клубта жанжал шыққан. Бұған дейін модель төрт аптаға қамауға алынып, өтемақы төлеуге міндеттелді деген ақпарат тараған. Ресейлік медиа блогердің жарақат алғанын жазды.

Кейін оқиғаға украин әніне байланысты туындаған кикілжің себеп болғаны айтылды. Қазақстандықтар модельге қолдау білдірген. Алтайбекова елге оралып, мәселенің келісім арқылы шешілгенін мәлімдеді.

Фото: instagram

Ұқсас материалдар

«Ешқандай жаза өтемедім»: Балиді шулатқан қазақ қызы мәлімдеме жасады · Todayinfo