Шымкентте Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) қызметкерлері жалған әріптесін ұстады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ол өзін экономикалық тергеу қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, пара алып отырған.
2025 жылдың қыркүйек айында ер адам жергілікті медициналық компанияның басшысына құқық қорғау органының қызметкерімін деп хабарласқан. Ол 25 миллион теңгеге компанияны Экономикалық тергеу департаментінің (ЭТД) тексеру тізімінен алып тастауға уәде берген.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.




