Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Жітіқарада отбасылық драма: өгей әке өгей ұлын өлтіріп, әйелін жаралады

Қостанай облысы Жітіқара қаласында отбасылық жанжал кезінде ер адам өгей ұлын пышақтап өлтіріп, әйелін жаралады. Күдікті ұсталды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Жітіқарада отбасылық драма: өгей әке өгей ұлын өлтіріп, әйелін жаралады
📷 Дереккөз: orda.kz

Қостанай облысы Жітіқара қаласында отбасылық драма орын алды. Өгей әке 15 жасар өгей ұлын өлтіріп, әйеліне бірнеше пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, жұбайлар арасында жанжал шығып, жасөспірім анасын қорғауға тырысқан. «Қасақана кісі өлтіру және оған оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай күдіктіні – әйелдің күйеуін ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

37 жастағы әйелдің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Қазір ол хирургия бөліміне ауыстырылды.

Ұқсас материалдар