Алматы мен Алматы облысында 27-30 сәуір аралығында электр қуаты уақытша өшіріледі. Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Жарықты өшіру жұмыс күндері күндізгі сағат 8:00-9:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі. Өшіру ұзақтығы жөндеу жұмыстарының көлеміне байланысты бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Шектеулер жеке үйлерді, жекелеген көшелерді, шағын аудандарды және әлеуметтік нысандарды қамтиды.
Компания мамандары бұл жұмыстар электр желілеріне техникалық қызмет көрсету және жабдықтардағы ақауларды жою үшін қажет екенін түсіндірді. Толық мекенжайлар тізімі мен өшіру кестесі төменде көрсетілген.
Алматы бойынша: тізімді жүктеу
Алматы облысы бойынша: тізімді жүктеу




