Google Gemini қазақша сөйледі: жаңа технологияның мүмкіндігі қандай?
Тәуелсіздік күні қарсаңында Google компаниясы өзінің ең қуатты Gemini жасанды интеллект моделін қазақ тілінде ресми түрде іске қосты. Бұл жаңалық отандық пайдаланушыларға әлемдік технологияларды ешқандай тілдік кедергісіз, өз ана тілінде қолдануға жол ашады. Цифрлық даму және жас

Тәуелсіздік күні қарсаңында Google компаниясы өзінің ең қуатты Gemini жасанды интеллект моделін қазақ тілінде ресми түрде іске қосты. Бұл жаңалық отандық пайдаланушыларға әлемдік технологияларды ешқандай тілдік кедергісіз, өз ана тілінде қолдануға жол ашады.
Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінің мәліметінше, қазақ тілі Gemini-дің үшінші буынына қосылған 23 жаңа тілдің бірі болды. Енді біздің азаматтар күрделі тапсырмаларды орындау, мәтін жазу немесе ақпарат іздеу кезінде әлемдік алыптармен тең дәрежеде мүмкіндік алды.
Қазіргі уақытта жасанды интеллектінің қазақша интерфейсі веб-нұсқада қолжетімді. Оны іске қосу үшін Google аккаунтының баптауларына кіріп, негізгі тіл ретінде қазақ тілін таңдау жеткілікті.
Gemini-дің қазақ тіліндегі нұсқасы несімен ерекше?
Бұл тек аударма емес, Google-дың Қазақстандағы жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған стратегиялық қадамы. Компания мамандар даярлауға, цифрлық дағдыларды жетілдіруге және жергілікті әзірлеушілерді қолдауға инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Ведомство мамандарының пайымдауынша, мұндай озық технологияларды мемлекеттік секторға енгізу бюджет тиімділігін арттырып, экономикалық өсімге серпін береді.
Болашақта Gemini Live сервисі арқылы жасанды интеллектімен қазақ тілінде тікелей дауыспен сөйлесу мүмкіндігі де пайда болады. Қазіргі таңда Android және iOS жүйелеріне арналған мобильді нұсқаларды бейімдеу жұмыстары жүріп жатыр.
Gemini қалай қолдануға боладыҚазақстандағы IT технологияларжасанды интеллектGoogle жаңалықтарыGoogle Gemini қазақша
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·