Павлодар облысында заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Қылмыстық полицияның жедел уәкілдері арнайы операция жүргізіп, заңсыз транзитті ұйымдастыру әрекетінің алдын алды.
Полиция мәліметінше, Өзбекстан азаматы отандастарын Ресей арқылы Қазақстанға MAN жүк көлігімен тасымалдаған. Тасымалдаушыны ұстау барысында жүк көлігі мұқият тексерілді.
Көлікті тексеру барысында жедел уәкілдер адамдарды жасырын тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған жасырын орынды тапты. Көлік тәркіленіп, арнайы тұраққа жіберілді. Ұйымдастырушыға қатысты тергеу жүргізілуде, — делінген полиция хабарламасында.
Аталған дерек бойынша заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.




