АҚШ президенті Дональд Трамп сәуір айында Израильге барып, беделді марапат алуы мүмкін екенін қарастырып жатыр. Сапар Иерусалимде өтетін марапаттау рәсіміне орайластырылған, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Марапаттау рәсімі Израильдің Тәуелсіздік күніне, яғни 22 сәуірге жоспарланған. Дәл осы айтулы күнде Дональд Трампқа ерекше құрмет көрсетілуі ықтимал.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл марапат Дональд Трампқа бірнеше еңбегі үшін берілмек.
"Марапат оның антисемитизмге қарсы күресі, кепілге алынғандарды босатуға қосқан үлесі, Иерусалимді Израильдің астанасы деп тануы және еврей мемлекетінің өзін-өзі қорғау құқығын үнемі қолдағаны үшін тағайындалды", - делінген хабарламада.
Фото: Әлеуметтік желіден




