Кәмила Берліқаш ескерту саны бойынша жеңіліске ұшырады
Аса ауыр салмақтағы дзюдошымыз Камила Берліқаш Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде моңғолиялық Адиясурэн Амарсайханнан қосымша уақытта (golden score) жеңіліп қалды. Отандасымыз төрешіден 3 ескерту алды. Айта кетейік, Камила Үлкен дулыға турнирінде бір рет финалға шыққан, т

Аса ауыр салмақтағы дзюдошымыз Камила Берліқаш Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде моңғолиялық Адиясурэн Амарсайханнан қосымша уақытта (golden score) жеңіліп қалды.
Отандасымыз төрешіден 3 ескерту алды.
Айта кетейік, Камила Үлкен дулыға турнирінде бір рет финалға шыққан, тағы 2 рет үздік үштікті түйіндеген.
Адиясурэн Ханчжоудағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған. Биыл Гонконгта өткен Азия чемпионатының финалына шығып, қарсыласқа есе жіберген.
Париж Олимпиадасында жекелей сында 8 дзюдошымыз күресіп, 2 жүлдеге қол жеткізді. Елдос Сметов (60 кг) елімізге алғашқы алтынды сыйласа, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Енді Қазақстан құрамасы ертең командалық сайыста жүлдеге таласады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық аграршылар табысы жоғары дақылдарға басымдық беріп отыр
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·