Kaspi.kz Түркия нарығын бағындырып, Hepsiburada маркетплейсін сатып алды
Kaspi.kz компаниясы түркиялық Hepsiburada маркетплейсінің бақылау пакетін сатып алу мәмілесін аяқтады. Бұл туралы компания AIX биржасына хабарлады. Kaspi.kz 40 млн «A» класындағы және 173 246 220 «B» класындағы акцияларды сатып алды. Мәміле нәтижесінде Kaspi.kz Hepsiburada-ның 65

Kaspi.kz компаниясы түркиялық Hepsiburada маркетплейсінің бақылау пакетін сатып алу мәмілесін аяқтады.
Бұл туралы компания AIX биржасына хабарлады.
Kaspi.kz 40 млн «A» класындағы және 173 246 220 «B» класындағы акцияларды сатып алды. Мәміле нәтижесінде Kaspi.kz Hepsiburada-ның 65,41% акцияларына иелік ететін болды. Мәміле сомасы шамамен 1,127 млрд долларды құрады, оның 600 млн доллары мәміле жабылған күні қолма-қол төленді, ал қалған 526,9 млн доллар алты ай ішінде төленеді. Kaspi.kz кейінге қалдырылған төлем үшін кепіл ретінде Hepsiburada-ның 65 199 658 акциясын ұсынды. Мәміле барлық қажетті реттеуші органдардың, соның ішінде Түркияның Бәсекелестік кеңесі, Түркия Республикасының Орталық банкі және Түркияның Банктік реттеу және қадағалау агенттігінің мақұлдауын алды. Kaspi.kz және Hepsiburada өздерінің брендтері мен операциялық құрылымдарын сақтайды.
Kaspi.kz негізін қалаушы және бас директоры Михаил Ломтадзе: «Hepsiburada-мен күш біріктіргенімізге қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз – Түркия мен Қазақстанда электрондық коммерция мен цифрлық қызметтерді дамыту», – деп атап өтті.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыдағы перзентханада көз жұмған жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·