Todayinfo.kz
ӘлемБарлық жазбаларды қарау

Германияда қазақстандықты Ресейге тыңшылық жасады деп күдіктеп ұстады

Германияның Федералдық прокуратурасы Берлинде Қазақстан азаматын Ресей барлауына тыңшылық жасады деген күдікпен ұстағанын хабарлады.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Германияда қазақстандықты Ресейге тыңшылық жасады деп күдіктеп ұстады
📷 Дереккөз: orda.kz

Германияның Федералдық прокуратурасы Берлинде Қазақстан азаматын Ресей барлауына тыңшылық жасады деген күдікпен ұстағанын хабарлады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, 28 сәуірде полиция Сергей К. есімді азаматты Федералдық соттың ордері бойынша тұтқындап, үйіне тінту жүргізген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2025 жылдың мамырынан бастап ресейлік арнайы қызметтермен байланыста болып, оларға түрлі ақпарат беріп отырған.

«Айыпталушы өзінің кураторына Германияның Украинаға әскери қолдауы және неміс қорғаныс өнеркәсібі туралы мәліметтерді жеткізген. Атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен роботтарды әзірлейтін компаниялар туралы. Сонымен қатар, Сергей К. Берлиндегі қоғамдық ғимараттар мен автобандардағы әскери колонналарды, оның ішінде НАТО-ға мүше бір мемлекеттің колоннасын бірнеше рет суретке түсірген», — делінген прокуратура хабарламасында.

Бұдан бөлек, ұсталған адам ресейлік тарапқа диверсия жасауға болатын нысандар туралы ақпарат берген. Ол сондай-ақ тыңшылық тобын құру үшін басқа адамдарды тартуды ұсынған.

Ұқсас материалдар

Германияда қазақстандықты Ресейге тыңшылық жасады деп күдіктеп ұстады · Todayinfo