Todayinfo.kz
Саясат

Әскерилерге бизнеспен айналысуға тыйым салынды: жаңа жарғы қабылданды

Қазақстанда келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилерді табыс әкелетін мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндеттейтін өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Әскерилерге бизнеспен айналысуға тыйым салынды: жаңа жарғы қабылданды
📷 Дереккөз: orda.kz

Қазақстанда келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилерді табыс әкелетін мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндеттейтін өзгерістер енгізілді. Президенттің жарлығымен Қарулы күштердің ішкі қызмет жарғысына тиісті толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Енді келісімшарт бойынша қызметке кіріскен сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде әскери қызметші табыс әкелетін мүлкін сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Бұл бизнес, үлестер және пайда әкелуі мүмкін басқа да активтерге қатысты. Осыдан кейін әскери қызметші кадр қызметіне нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесін тапсыруы керек.

Алайда әскерилерді табыстан толық айыру көзделмеген. Жарлық сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен пайда алуға, сондай-ақ басқа заңды көздерден табыс табуға рұқсат береді. Сонымен қатар, құжатта басқаруға берілмейтін активтердің тізбесі нақты көрсетілген. Олардың қатарында ақша, облигациялар, инвестициялық қорлардың пайлары, акциялар (егер олардың үлесі дауыс беретін акциялардың 5 пайызынан аспаса) және цифрлық активтер бар.

Құжатта әскери қызметшілердің өз тұрғын үйін жалға беруге және осыдан табыс алуға құқығы бар екені де нақтыланған.

Ұқсас материалдар