Депутат, боксшы Ардақ Назаров Атырау облысындағы үлкен дауды шешкен, деп хабарлайды Todayinfo.
Жағдайдың күрделі болғаны сонша, ел іші екіге бөлінген екен.
«Құлсары қаласында бірнеше жыл бұрын жас жігіттер көшеде көлікпен кетіп бара жатып, бір-бірімен ерегескен. Түсіп алып төбелескен, сол жерде бір - бірін атып өлтіреді. Содан олардың ағалары жиналады, Құлсары көтеріліп, екіге бөлінеді. Сол кезде бізді шақырған. Мен барып жігіттермен кездесіп, сөйлесіп жабық жиын жасадық. Тарихтан мысал келтіре отырып сұхбат құрғанбыз»,- деді ол.




