Todayinfo.kz
СаясатБарлық жазбаларды қарау

Қырғызстанда экс-шенеуніктерге мемлекеттік төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды

Іс "75 адамның хаты" деп аталған құжатпен байланысты.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Қырғызстанда экс-шенеуніктерге мемлекеттік төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды
📷 economist.kg

Қырғызстанда бұрынғы жоғары лауазымды үш шенеунік Қамчыбек Ташиев, Құрманкул Зулушев және Нұрланбек Тургунбек уулу (Шакиев) жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша ресми айыпқа ілікті6 деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Қырғызстанда жоғары лауазымды үш бұрынғы шенеунікке Қамчыбек Ташиев, Құрманкул Зулушев және Нұрланбек Тургунбек уулу (Шакиев) мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша ресми айып тағылды. Бұл туралы адвокат Шердор Әбдіқапаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, үшеуіне де бұған дейін осы іс бойынша басқа фигуранттарға тағылған баптар бойынша айыптар жарияланған. Айыптаулар жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және тергеу органдары мемлекеттік төңкеріс әрекеті ретінде бағалап отырған іс-әрекеттерге байланысты ауыр қылмыстарды қамтиды.

Күштік құрылымдардағы дереккөздердің мәліметінше, күдіктілер ІІМ-нің Бас тергеу басқармасында бірнеше сағат бойы жауап берген, кейін ғимараттан шыққан. Әзірге айыптардың нақты мазмұны мен тергеу барысы ресми түрде жарияланған жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, іс "75 адамның хаты" деп аталған құжатпен байланысты. 

Еске салайық, ақпан айында 75 адам Садыр Жапаров пен Жогорку Кенеш төрағасына мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдаған.

Ұқсас материалдар

Қырғызстанда экс-шенеуніктерге мемлекеттік төңкеріс әрекеті бойынша айып тағылды · Todayinfo