Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады»: Президент Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады»: Президент Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады. – Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.

Ұқсас материалдар