Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Көкшетауда ер адам жұбайына микрокредит ұйымында пышақпен шабуыл жасады

Көкшетау қаласында 33 жастағы әйелге оның күйеуі микрокредиттік ұйым ішінде пышақпен шабуыл жасап, ауыр жарақаттады,деп хабарлайды  Todayinfo. Куәгерлердің айтуынша, оқиға отбасылық жанжалдан кейін болған. Ер адам ашуға булығып, жұбайына бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнына

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Көкшетауда ер адам жұбайына микрокредит ұйымында пышақпен шабуыл жасады

Көкшетау қаласында 33 жастағы әйелге оның күйеуі микрокредиттік ұйым ішінде пышақпен шабуыл жасап, ауыр жарақаттады,деп хабарлайды Todayinfo.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға отбасылық жанжалдан кейін болған. Ер адам ашуға булығып, жұбайына бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел жәрдем қызметі дереу шақыртылып, ауыр жарақат алған әйел қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Ақмола облыстық Полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты ресми түсініктеме берді:

«Тұрмыстық жанжал кезінде күдікті азамат жұбайына пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан жасырынған. Полиция қызметкерлері оны жедел түрде анықтап, ұстады. Қазіргі таңда күдікті полиция бөлімшесінде. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Кокшетау (@kokshetautoday)

Ұқсас материалдар

Көкшетауда ер адам жұбайына микрокредит ұйымында пышақпен шабуыл жасады · Todayinfo