Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Көлігіне «сәнді нөмір» алғысы келген қазақстандықтар бір күнде 11 мың өтініш берген

Фото: yandex Биыл 5 қаңтардан бастап қазақстандықтар көлігіне қалаған нөмірді таңдай алады. Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, кеше мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңа қызмет бойынша 11 мың өтініш түск

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Көлігіне «сәнді нөмір» алғысы келген қазақстандықтар бір күнде 11 мың өтініш берген
Фото: yandex
Биыл 5 қаңтардан бастап қазақстандықтар көлігіне қалаған нөмірді таңдай алады. Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, кеше мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңа қызмет бойынша 11 мың өтініш түскен, деп хабарлайды Todayinfo.kz порталы.
«Кеше еліміз бойынша әдемі нөмірлерге 11 мыңға тарта өтініш түсті. Біз өз тарапымыздан операторлар санын көбейттік. Осы аптада нөмір таңдау қызметін eGov мобильді қосымшасы арқылы онлайн іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Коняшкин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетері, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірінің әріптік және сандық комбинациясын өздері таңдай алады.

Ұқсас материалдар

Көлігіне «сәнді нөмір» алғысы келген қазақстандықтар бір күнде 11 мың өтініш берген · Todayinfo