Көлік апатынан үш оқушы қыршынынан қиылды: тергеу басталды
Түркістан облысындағы Шардара–Байырқұм тас жолында орын алған қайғылы жол апаты үш жасөспірім қаза тапты. Көкарал ауылындағы №46 мектептің 8-сынып оқушыларынан құралған волейбол командасы Арыс қаласында өтетін облыстық турнирге бара жатқан жолда апатқа ұшыраған. Ресми мәліметтерг

Түркістан облысындағы Шардара–Байырқұм тас жолында орын алған қайғылы жол апаты үш жасөспірім қаза тапты. Көкарал ауылындағы №46 мектептің 8-сынып оқушыларынан құралған волейбол командасы Арыс қаласында өтетін облыстық турнирге бара жатқан жолда апатқа ұшыраған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, өз бағытымен келе жатқан «Chevrolet Cobalt» жеңіл көлігін жоғары жылдамдықпен келген «КамАЗ» жүк көлігі соққан. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік түгі қалмай қирап, 14 жастағы жеткіншек оқиға орнында тіл тартпай кетті, ал тағы екі оқушы алған жарақаттарынан көз жұмды.
Бұл сапарға спортшылар екі көлікпен шыққан екен. Екінші көлікте болған сегіз бала аман қалса, оқушыларды апара жатқан 34 жастағы жаттықтырушы ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті. Мектеп мұғалімі Айдана Тұрсынова қаза тапқан оқушылардың спортқа құштар, тәрбиелі және алғыр болғанын айтып, олардың жарыс алдында үлкен үмітпен аттанғанын еске алды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Бүгін үш отбасы үкілеп өсірген ұлдарын жер қойнына тапсырды, ал құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.
Фото: скрин
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақстандық аграршылар табысы жоғары дақылдарға басымдық беріп отыр
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·