Қызылорда қаласында 16 жастағы жасөспірім жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгінде жүргені анықталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім қала ортасында еркін көлік айдап жүрген. Полицейлер тоқтатқан сәтте ол әкесіне қоңырау шалған. Арада көп уақыт өтпей оқ
Қызылорда қаласында 16 жастағы жасөспірім жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгінде жүргені анықталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім қала ортасында еркін көлік айдап жүрген. Полицейлер тоқтатқан сәтте ол әкесіне қоңырау шалған. Арада көп уақыт өтпей оқиға орнына оның әкесі — Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Рауан Бекбаулов келген. Ол полиция қызметкерлерімен сөйлесіп, баласын оқиға орнынан алып кеткен.
Құқық қорғаушы Инга Иманбай бұл жағдайға пікір білдіріп, мұндай оқиғалардың Қазақстанда жиі қайталанатынын атап өтті.
"Бұл Қазақстан үшін қалыпты жағдай. Жоғары лауазымдағы адамдардың балалары заңды аттап өтіп, түрлі қауіпті жағдайлар жасайды. Өйткені жазаланбайтынын біледі. Мұндай жағдайда қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғауға болады", – деді ол.
Оқиға өткен жылы 2024 жылдың 14 маусымында орын алған. Алайда бір жыл бұрын болған оқиғаның видеосы қоғамға енді тарап, көпшіліктің назарылығын тудырды. Пікір білдірген халық, прокурордың жазалануын, заңды белешесінен басқандардың қызметтен кетуін талап етуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от БАСЕ (@base.kz)