Еске салсақ, Айбек Ұланов Threads желісінде: «Егер сіз 20 жылдық мектеп бітіру кешінде әйеліңіздің сыныптасымен жыныстық қатынасқа түскенін білсеңіз, қалай әрекет етер едіңіз?» - деп жазып, қайтыс болған әйелдің арт-иллюстрация суретін жария еткен.Бұл жарияланым әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызды. Көпшілік блогерді жауапкершілікке тартуды талап етті. Кейінірек Айбек Ұланов көпшілік алдында кешірім сұрады. Қайтыс болған көпбалалы ананы қорлап жазба қалдырған блогердің ағасы адвокат Шердор Абдықапаровқа қоқан-лоққы көрсеткен. Оны полиция ұстады. Еске салсақ, Ош облысы Қара-Күлджа ауданының 38 жастағы тұрғыны Айзирек Эралиеваны жолдасы өлтірген. Марқұмның туыстарының айтуынша, 26 мамыр күні ерлі-зайыптылар мектептегі 20 жылдық кездесу кешіне бірге барған. Бұл жағдай күйеуінің қызғанышын туғызып, ол әйелін ұрып-соғып, кейін атып тастаған. Оқиғаға байланысты Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс материалдары Қара-Құлжа аудандық ішкі істер бөліміне жолданды. Күдікті ретінде марқұмның күйеуі қамауға алынып, екі айға тергеу изоляторына жабылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Айзирек Эралиеваның артында бес баласы қалды. Үлкен ұлы – 17 жаста, Бішкектегі колледжде оқиды. Екінші ұлы – 9-сыныпты аяқтаған, үшінші баласы – 11 жаста. Сонымен қатар жеті жастағы қызы мен төрт жастағы кенже қызы бар. Қазіргі мәлімет бойынша, күдіктінің туған ағасы балаларды өз қамқорлығына алуға дайын екенін білдірді.
Күйеуі атып тастаған әйелді қаралаған блогер қылмыстық жазаға тартылмақ
Күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелді қаралап, қылмыскерді жақтаған блогерді жауапкершілікке тарту үшін адамдар қол жинап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo. 24.kg жазуынша, қазіргі күні 13700 адам петицияға қол қойған. Бұған дейін Шердор Абдықапаров блогер Айбек Ұлановтың үстінен қы

Күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелді қаралап, қылмыскерді жақтаған блогерді жауапкершілікке тарту үшін адамдар қол жинап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.
24.kg жазуынша, қазіргі күні 13700 адам петицияға қол қойған.
Бұған дейін Шердор Абдықапаров блогер Айбек Ұлановтың үстінен қылмыстық іс қозғауды және оны кісі өлтіруді жария түрде ақтағаны мен жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартуды талап етіп, ішкі істер басқармасына ұжымдық арыз дайындаған болатын.
Бұл арызды Бішкек қалалық ІІБ қабылдады, оған 100 адам келіп, қол қойды. Тергеуші блогердің әлеуметтік желідегі пікіріне қатысты лингвистикалық сараптама тағайындағаны белгілі болды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·