Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Күйеуіңіз ашуланып, қол көтерсе, үндемеңіз»: Белгілі исламтанушы әйел бақыты туралы кітап жазамын деп сынға қалды

Фото: stan.kz Threads желісінде исламтанушы, психолог Данияр Сүлейменовтің “Ең бақытты әйел” кітабы қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары ер адамның әйел бақыты туралы кітап жазғанына ашуланды. Оқырман қауым автордың айтқан ойына наразылық танытып, әйелдердің жеке тұлғалығы

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Күйеуіңіз ашуланып, қол көтерсе, үндемеңіз»: Белгілі исламтанушы әйел бақыты туралы кітап жазамын деп сынға қалды
Фото: stan.kz Threads желісінде исламтанушы, психолог Данияр Сүлейменовтің “Ең бақытты әйел” кітабы қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары ер адамның әйел бақыты туралы кітап жазғанына ашуланды. Оқырман қауым автордың айтқан ойына наразылық танытып, әйелдердің жеке тұлғалығы мен болмысын кемсітетін бірнеше сөйлемді көрсетіп берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі stan.kz-ке сілтеме жасап. Желі қолданушыларын “Ең бақытты әйел” деген атпен әйелдің емес ер адамның кітап жазып шығарғаны ашуландырды.
“Дінге немесе авторға түк наразылығым жоқ. Менің түсінбейтінім, неге еркек адам әйел бақыты туралы кітап жазады?! Мына кітап бақытты әйелді емес, күйеуіне бағынатын, соның көңілін табуды насихаттайды”, “Күйеуің ұрса, үндеме, көн” дейді. Күйеуің ұрайын деп келе жатса, полиция шақыр немесе өзін ұр” деп айтса түсінетін едім”, “E-otinish арқылы шағым түсіру керек. Күйеуі қол көтерсе, әйелі заң тұрғысынан шағымдала алады”, “Мына кітаптың кең таралуына әйелдердің өзі ат салысып отыр. Өйткені “Еркек бақыты” деп шығарса, тауары өтпейтін еді. Әйелдерді маркетинг құралы ретінде ұстап отыр”, – деп жазды көпшілік.
Кітаптың алғы сөзінде автор алдымен, адамды бақытты ететін үш нәрсеге тоқталған: Салиқалы әйел, жақсы көлік, кең үй. Ал адамды бақытсыз ететін үш нәрсе: Мінезі жаман әйел, жаман көлік, тар үй”. Одан кейін күйеуінің басқа әйелге кетіп қалуы да тікелей әйелге байланысты көрінеді. Оның сөзінше, әйел тек ерінің алдында ғана сәнденуге міндетті.
“Ұмытпаңыз салиқалы әйел күйеуінің назарын басқа әйелге аударуға жол бермейді. Әйелге тән қылығымен, жұпар иісімен, жібектің мінезімен, назды үнімен, бойсұнғыш ибалығымен күйеуін өзіне ғана қаратады. Күйеуіңіздің іштей: “Кешегі әдемілік пен жұпар иіс, жылы сөз бен сыңғырлаған күлкі қайда кетті?!” деуіне мұрсат бермеңіз. Әйел адамға көшеде емес, ерінің алдында сәнденіп жүру жарасады. Әйел үнемі қылығымен күйеуінің назарын аударып отыруы керек. Өйтпеген жағдайда, назар басқаға ауып кетеді. Тұрмысқа шыққан уақытта әйел мүлдем өзгеріп кететін көрінеді. Яғни, шынайы бет-пердесін ашып алады. Мұны қазақ: “Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?!” деп бір сөзбен айтып кеткен. Осыдан ер адамдардың 42 пайызы қорқатын болып шықты”, – дейді
Сондай-ақ, исламтанушы келін мен ене тақырыбын да айналып өтпеген. Көпшілікке “Келіннің басты міндеті – күйеуі мен енесінің көңілін табу” деген ой тастайды.
“Анасы – күйеуіңіздің жаннаты екені, сіздің жаннатыңыз – күйеуіңіз екенін ұмытпаңыз. Алла разылығы үшін оларға қызмет ет. Күйеуіңіздің разылығы – анасының разы болғаны. Сонда ғана күйеуіңіз бен енеңіздің көңілінен шығасыз. Бір әулетке келін болып барған адам ененің көңілінен шығамын деп баруы керек. Сол кезде күйеуі мен енесі келініне туысқандардың көзінше шаң жуытпайтын болады”, – деп жазады дінтанушы.
Айта кетейік, Данияр Сүлейменов – дінді насихаттауға арналған бірнеше кітаптың авторы. Нұр-Мүбарак университетінің түлегі. Қолымызға түскен “Ең бақытты әйел” кітабы – тоғызыншы рет басылып шыққан. 200 беттен тұрады. Автордың туындыларының дені отбасы құндылығын насихаттауға арналған. “Бақытты отбасы болудың негіздері”, “Әйелдерге арналған 30 хадис” еңбектерінің авторы.

Ұқсас материалдар