Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Лайк» дауы: Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығының басшысы қызметінен кетті

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Бақытжанұлы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, өз қызметін ресми түрде аяқтағанын хабарлады. Бұл шешім орталықтағы қызметкерлерге қатысты туындаған «лайк үшін сөгіс» дауына тұспа-тұс келіп отыр,деп хабарлайды  Toda

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
«Лайк» дауы: Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығының басшысы қызметінен кетті
Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Бақытжанұлы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, өз қызметін ресми түрде аяқтағанын хабарлады. Бұл шешім орталықтағы қызметкерлерге қатысты туындаған «лайк үшін сөгіс» дауына тұспа-тұс келіп отыр,деп хабарлайды Todayinfo.

«Бұл мен үшін өмірімнің маңызды, жауапты әрі ерекше кезеңдерінің бірі болды», – деп жазды ол парақшасында.

Марат Бақытжанұлы жастармен жұмыс істеуді өзінің өмірлік ұстанымы ретінде атап, бір жыл ішінде жүзеге асқан жобалар мен істерді жоғары бағалады. Ол әріптестеріне, басшылыққа және серіктестерге алғысын білдіріп, жастар саясатын дамыту жолындағы еңбегін жалғастыратынын жеткізді.

«Жастардың болашағына аз да болса үлес қосу – үлкен мәртебе. Бұл бағыттағы ізденісім мен еңбегім жалғаса береді», – деді ол.

Сонымен қатар, ол басшылық еткен кезеңде ешқашан «кеңестік көзқараста» болмағанын атап өтіп, болашақта сыйластықта қалуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Жастар ресурстық орталығында қызметкерлерге әлеуметтік желідегі белсенділік үшін, нақтырақ айтқанда – лайк баспады деген себеппен сөгіс жарияланғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұл жағдай қоғамда қызу пікірталас туғызып, наразылыққа себеп болған.

Мәселе бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек те пікір білдіріп, жағдайға байланысты түсініктеме берген еді. Аталған дау Марат Бақытжанұлының отставкасымен тұспа-тұс келіп отыр.

Қызметінен кетсе де, Марат Бақытжанұлы алдағы уақытта да Шымкент жастарының дамуына үлес қоса беретінін айтты. Ол шырайлы қаланың гүлденуі жолында бірлесе еңбек етуге үмітті екенін жеткізді.

«Алдағы уақытта да шырайлы Шымқаламыздың гүлденуіне бірге атсалысамыз деген үміттемін», – деп түйіндеді ол өз үндеуін.

Ұқсас материалдар

«Лайк» дауы: Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығының басшысы қызметінен кетті · Todayinfo