Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Сара Назарбаеваның емі аяқталды, қазір ол үйінде бақылауда – Айдос Үкібай

Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі және баспасөз хатшысы Айдос Үкібай БАҚ-тағы хабарламалар мен азаматтардың өтініштеріне қатысты Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулық жағдайы туралы түсініктеме берді. Оның айтуынша, 2025 жылдың сәуір айынан бастап Сара Назарбаева Уп медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатқан

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Сара Назарбаеваның емі аяқталды, қазір ол үйінде бақылауда – Айдос Үкібай

Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі және баспасөз хатшысы Айдос Үкібай БАҚ-тағы хабарламаларға және азаматтардың Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығы жағдайы туралы өтініштеріне түсініктеме берді.

Оның айтуынша, 2025 жылдың сәуір айынан бастап Сара Назарбаева Алматыдағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдаған. Осы кезеңде оның жүрек бұлшықетінің ауқымды инфарктісі болған. Дәрігерлер қант диабетінің ұзақ ағымы аясында жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін, сондай-ақ үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігін диагностикалады.

Хабарланғандай, ол ұзақ уақыт бойы жасанды тыныс алу және гемодиализ аппараттарында болған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында, жағдайы тұрақтанғаннан кейін, Сара Алпысқызы стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Алматыда дәрігерлердің үй жағдайындағы бақылауында.

Ұқсас материалдар

Сара Назарбаеваның емі аяқталды, қазір ол үйінде бақылауда – Айдос Үкібай · Todayinfo