Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Маған да оңай емес»: Берденовке оқ атты деген күдіктінің анасы елге үндеу жасады (ВИДЕО)

Берденовті ату ісі бойынша күдікті ретінде танылған Ернар есімді азаматтың анасы Светлана Сариева алғаш рет жұртшылыққа үндеу жолдады. Ол әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасында отбасындағы ауыр жағдайға тоқталып, ұлының адамгершілік қасиеттері туралы айтты. «Мен Ернардың ан

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Маған да оңай емес»: Берденовке оқ атты деген күдіктінің анасы елге үндеу жасады (ВИДЕО)

Берденовті ату ісі бойынша күдікті ретінде танылған Ернар есімді азаматтың анасы Светлана Сариева алғаш рет жұртшылыққа үндеу жолдады. Ол әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасында отбасындағы ауыр жағдайға тоқталып, ұлының адамгершілік қасиеттері туралы айтты.

«Мен Ернардың анасымын. Бұл сөзді айту – маған да оңай емес», – деп бастады ол өз сөзін.

Сариеваның айтуынша, ұлы Ернар қайырымдылықпен жиі айналысып, жетімдерге, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіп жүрген.

«Ол ешқашан жасаған жақсылығын жария қылмады. Көп жағдайда үнсіз көмектесіп жүретін. Өзім де бірнеше рет куә болдым», – дейді анасы.

Ол жариялаған бейнежазбада Ернардың адамдарға қолдау көрсетіп жүрген сәттері бейнеленген. Сариева ұлының тек бір ғана оқиғамен емес, өмір бойы жасаған игі істерімен бағаланғанын қалайды.

«Бір сәттік қателікпен адамның бар өмірін жоққа шығару – әділетсіздік. Ернардың жүрегін, адамгершілігін ескерулеріңізді сұраймын. Мен оның қоғамға қайта қызмет ететініне сенемін», – деді ол.

Соңында ол қоғамда мейірім мен түсіністік арта түссе екен деген тілегін білдіріп, жұртшылыққа алғыс айтты:

«Баршаңызға алғысым шексіз», – деп түйіндеді сөзін Светлана Сариева.

Желіде қызу талқыланып жатқан оқиға аясында күдіктінің анасы халыққа алғаш рет үндеу жасап, ұлының тек теріс қадамымен емес, өміріндегі оң істерімен де бағаланғанын қалайтынын жеткізді.

 
View this post on Instagram
 

A post shared by Сариева Светлана (@sarieva.svetlana1)

Ұқсас материалдар

«Маған да оңай емес»: Берденовке оқ атты деген күдіктінің анасы елге үндеу жасады (ВИДЕО) · Todayinfo