Саясаткер Дос Көшім фейсбук парақшасына жазылған дүниелерді өз атынан жариялағандарға ренішін айтты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Ассалаумағалейкум, құрметті көрермен, құрметті оқырман, мен бүгін бір қызықты мәлімдеме жасағым келіп отыр.Соңғы уақытта менің жолда
Саясаткер Дос Көшім фейсбук парақшасына жазылған дүниелерді өз атынан жариялағандарға ренішін айтты,деп хабарлайды
Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Ассалаумағалейкум, құрметті көрермен, құрметті оқырман, мен бүгін бір қызықты мәлімдеме жасағым келіп отыр.Соңғы уақытта менің жолдастарым, менің жұбайым да сенің фейсбук парақшаңда мынандай жазылды, мынандай пікірлер жазылды деген сөз айта бастады. Менде фейсбук парақша жоқ. Осыны ашық айтайын. Иә, кезінде осы он шақты жыл бұрын бір екі парақша ашып, одан кейін барып сол күйі өшіріп тастағанмын. Ешнәрсе жазбаймын. Сондықтан менің өз пікірімді еш уақытта фейсбукке жазбаймын. Сондықтан ол жазылған жазуларды менікі деп есептемеңдер. Иә, әрине ол қандай мақсатта жазылғанына мен баға бере алмаймын. Кейбіреулер шын жүрегіменен, шын ниетіменен менің айтатын сөзімді айтпағаннан кейін барып біз осылай айтамыз деп өздерінің атынан жазатын шығар. Бірақ менің атымнан береді. Кейбіреулер арандату мақсатында осы мәселені қолдануы әбден мүмкін. Сол арқылы мысалы, маған белгілі бір жаза тағайындасын, маған белгілі бір айып салсын деп. Сондықтан тағы да қайталап айтамын, менің тек екі бағытым бар. Бұның біреуі тікелей халықпен кездесу. Бетпе-бет аудиторияның ішінде өзімнің пікірімді айтамын», - деді Дос Көшім.
Ол атағандай, не мысық сайт иелері, жеке шақырып сұхбат алған уақыттарда бейнетаспадан ғана мен өз пікірін айтады.
«Басқа жазба түрдегі пікірді мен еш уақыттарда бермеймін. Осыны сіздер естеріңізге салайын деп едім. Сондықтан осыдан кейін барып не дейді? Жаңағы фейсбук парақшасынан Дос Көшім мынандай пікір айтты деген сияқты пікірге сенбеңіздер. Бұл менің пікірім емес. Тағы да қайталап айтамын. Ал оны қолданып жүрген адамдарға мен өзім ренішімді айтқым келеді. Мен тірімін әлі өлген жоқпын. Сондықтан адам өзінің айтатын пікірін өзі айту керек», - деді ол.