"Сол сынамалардың барлығында вирус болды. Бұл - вирустық нейроинфекция. Ал енді оның жануардың миынан табылғаны осы аурудың бірден бір себебі - вирус екенін дәлелдейді", - дейді орталықтың вирустар экологиясы зертханасының меңгерушісі Айдын Қыдырманов.Маманның айтуынша, бұл вирус иммундық жетіспеушіліктен болады. Ғылымда әлі толық сипатталмаған, анықталмаған дерт. Теңіз сүт қоректілеріне тән вирустық инфекция. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2024 жылы 14 қарашада Каспий жағалауында итбалықтардың қырылу себебін ғалымдар зерттеп жатқанын мәлімдеген еді.
Маңғыстауда өлген итбалықтардан вирус анықталды
Фото: Pexels Маңғыстауда итбалықтар қырылып қалған болатын. Осыған қатысты Алматыдағы микробиология және вирусология ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Қыдырманов пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы. Айта кетсек, Маңғыстауда 2024 жылы қазан-қара

Фото: Pexels
Маңғыстауда итбалықтар қырылып қалған болатын. Осыған қатысты Алматыдағы микробиология және вирусология ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Қыдырманов пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.
Айта кетсек, Маңғыстауда 2024 жылы қазан-қараша айларында Түпқараған және Қарақия аудандары аумағындағы теңіз жағалауынан 2 мыңға жуық өлі итбалық табылған болатын. Осы кезде ғылыми орталықтың қызметкерлері Маңғыстауға келіп, өлекселерден сынамалар алған.
Сол сынамалардың алғашқы нәтижесі шықты. Мамандар молекулярлық-генетикалық талдау жүргізіп, итбалықтардың миы мен өкпе тіндерінен жаңа вирустық жұқпалы ауру тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұқсас материалдар

Оқиғалар
Павлодарда ер адам дәрігерлерге пышақпен шабуыл жасап, жедел жәрдем көлігін талқандады
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үш құрдастың ажалы: БҚО-да мектеп түлектері суға батып, көз жұмды
Айдар Керім·

Оқиғалар
Жол апатына түскен директор Ақмоншақ Нұртазаның көз жасы көл болды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«300-ге жуық адам зардап шеккен»: Айгүл Иманбаева мен Жанар Айжанованың басы дауға қалды
Айдар Керім·