Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Мақпал Жүнісова өзі жайлы нашар пікір айтқан Майра Ілиясованы ерекше құттықтады (ВИДЕО)

Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Майра Ілиясова 70 жасқа толып, мерейтойына орай шығармашылық кешін өткізді. Кешке еліміздің өнер майталмандары мен көпшілік көрермендер жиналып, әншінің өнер жолына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қазақ эстра

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Мақпал Жүнісова өзі жайлы нашар пікір айтқан Майра Ілиясованы ерекше құттықтады (ВИДЕО)
Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Майра Ілиясова 70 жасқа толып, мерейтойына орай шығармашылық кешін өткізді. Кешке еліміздің өнер майталмандары мен көпшілік көрермендер жиналып, әншінің өнер жолына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қазақ эстрадасының тағы бір танымал өкілі – Мақпал Жүнісова әріптесін туған күнімен ерекше түрде құттықтады. Ол өзінің құттықтауында былай деді:

«Шақырған қонақтарыңыздың бәрі келді. Ең бастысы, халық концертіңізді көріп, жасарып қалды. Туған күніңізге шапан әкелгім келді. Бірақ ондай шапанның сізде неше түрі бар. Сондықтан ұнатқан затыңызды аларсыз деген ниетпен шотыңызға 1 миллион теңге аудардым», – деді ол шынайы ықыласпен.

Кеш барысында қос әншінің сахнадағы достық әзілдері де елдің көңілін көтерді. Әсіресе Мақпал Жүнісованың мына сөзі жұртшылық арасында кеңінен талқыланды:

«70 жасты жасырғанымен не пайда?! Бетіңізде жазылып тұр. Алдыңыздан қараса – пионер, артынан қарағанда – пенсионер болып тұрсыз. Негізі Майра апамыз дұрыс айтады. Әлі де жас көрінеді екенбіз».

Мақпал Жүнісова мен Майра Ілиясованың бұл әрекеттері – өнер иелері арасындағы достық пен сыйластықтың шынайы мысалы. Халық әртістерінің өзара құрметі мен жылы қарым-қатынасы ел арасында жоғары бағалануда.    
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қазақ Жұлдыздары🇰🇿🔥 (@zhulduzdar_qaz)

Ұқсас материалдар

Мақпал Жүнісова өзі жайлы нашар пікір айтқан Майра Ілиясованы ерекше құттықтады (ВИДЕО) · Todayinfo