Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Мешіт имамы бүлдіршіндерді зорлаған педофилдің жаназасын шығарған: Бас мүфти ай қарап отыр ма?

Атыраудан шу шықты. Бес және сегіз жастағы өгей қыздарын зорлағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен 25 жылға сотталған Дабыл Жәрдемұлы Өтегенов наурыз айының соңында тергеу изоляторында өлген. Оның жаназасы облыстың орталық мешітінде – «Иманғали» мешітінде шығарылды, деп

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Мешіт имамы бүлдіршіндерді зорлаған педофилдің жаназасын шығарған: Бас мүфти ай қарап отыр ма?
Атыраудан шу шықты. Бес және сегіз жастағы өгей қыздарын зорлағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен 25 жылға сотталған Дабыл Жәрдемұлы Өтегенов наурыз айының соңында тергеу изоляторында өлген. Оның жаназасы облыстың орталық мешітінде – «Иманғали» мешітінде шығарылды, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Сотталып өлген қылмыскердің жаназасын шығарған осы мешіттің наиб имамы Сарсекеев Ажок Саясатұлы болып шыққан. «Иманғали» мешітін Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласханұлы Абу басқарады.
«Педофилиямен сотталған Д.Өтегеновтің жаназасы мен асына мыңға жуық адам қатысқан. Олар осы жағдайды білген соң қатты ашуланып жатыр. «Иманғали» мешітіндегі бүкіл іс-шара Болатбек Абудің рұқсатынсыз өтпейді. Бас имам Болатбек Абудің «мен мұны білмедім» деп ақталғанына ешкім сенбей жатыр», — деді белсенді Ораз Әлімбек.
Д.Өтегеновтің әруағына арнап берілген асқа Атырау қаласы әкімі Шәкір Кейкинде қатысқан.
«Кейбір мәліметте ол Д.Өтегеновке алыс туыс болып келетіні айтылады. Саяси басшының осы жағдайды білмеуі мүмкін емес қой. Сірә, педофилиямен сотталған Д.Өтегеновтің жаназасын имамдардың шығаруына, басқа жерде емес, дәл орталық мешітте жаназа шығарылуына әкімнің ықпалы болды ма, болмады, оны әзірге білмедік. Қалай десек те, бұл оқиға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын тағы да ұятқа қалдырды», — деп жазды ол.

Ұқсас материалдар

Мешіт имамы бүлдіршіндерді зорлаған педофилдің жаназасын шығарған: Бас мүфти ай қарап отыр ма? · Todayinfo