Kasper Kaspi Магазинде тауарды сенімді таңдауғакөмектеседі: ол клиенттің сұранысын түсінеді, нақтылайтын сұрақтар қояды, нұсқалардысалыстырады, күрделі терминдерді қарапайымтілмен түсіндіреді және ең үздік тауарды таңдауғакөмектеседі.
Алматы, 1 шілде 2026 жыл — Kaspi.kz басшысы әрінегізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе KaspiМагазиндегі жаңа AI-көмекші – Kasper-ді таныстырды. Таныстырылым Алматы қаласында «Қалыптан шығууақыты келді!» ұрансөзімен өтті.
Kasper — Kaspi.kz инновациялары тарихындағы жаңакезең. Бұған дейін клиенттер тауарларды кілт сөздерарқылы іздеп, сипаттамаларын салыстырып, пікірлердіоқып, көптеген нұсқаның ішінен таңдау жасайтын. Ендіөз қажеттілігіңізді қарапайым сөзбен жеткізу жеткілікті— Kasper дәл сізге сәйкес келетін тауарды таңдауғакөмектеседі.
Мысалы: «Пәтерге шаңсорғыш таңдауға көмектесші. Үйде кілем, плитка және мысық бар» немесе «Жақсыкамерасы мен үлкен экраны бар смартфон керек». Kasper нақтылайтын сұрақтар қойып, лайықтытауарларды ұсынады, оларды салыстырады жәнеолардың айырмашылығын қарапайым тілментүсіндіріп, қайсысы сіздің қажеттілігіңізге көбірек сәйкескелетінін көрсетеді.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың біріМихаил Ломтадзе:
«Біз үшін инновация — бір күн ғана таңғалдыратынжаңа технология ғана емес. Нағыз инновация — технология миллиондаған адамға пайдалы болып, олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналуы керек.
Біз әрдайым сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартуғаұмтыламыз. Kaspi Магазинді іске қосқанда мақсатымызөте қарапайым болды: әрбір қазақстандық барлығынбір жерден сатып алуы керек. Бүгінде Kaspi Магазинде106 мың сатушы, 20 миллион тауар, бағалар, пікірлер, рейтингтер, толық сипаттамалар мен тауарлар туралыақпарат — барлығы клиенттің айналасынатоптастырылған.
Біз «қайдан сатып алу керек?» деген мәселені шештік. Бірақ таңдау мүмкіндігі өте ауқымды бола түскен кезде жаңа міндет пайда болды — клиентке сенімді таңдау жасауға көмектесу. Әр адам әрбір тауар бойынша сарапшы болуы міндетті емес. Енді өзіңізге не қажет екені туралы жай ғана тапсырма берсеңіз жеткілікті,Kasper түсінуге, салыстыруға, күрделі терминдерді қарапайым тілмен түсіндіруге және өзіңіз үшін ең жақсы нұсқаны таңдауға көмектеседі.
Kasper — біздің үлкен мақсатымызға бастайтыналғашқы қадам: әрбір қазақстандыққа күнделікті міндеттерді шешуге көмектесетін жеке AI-көмекші ұсыну. Бұрын жеке көмекші санаулы адамдарда ғана болатын. Біз әрбір клиентіміздің жеке AI-көмекшісі болғанын қалаймыз.
Жаңа әрі керемет сервистерді үлкен шабытпен жасап жатқан командамызға алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ бізбен бірге болғаны үшін әрбір сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге шын жүректен рақмет!»
Kasper клиенттерге таңдау қиын сәтте адаспауға көмектеседі. Ол қойылған міндетті түсінеді, нақтылайтын сұрақтар қояды, тауарларды салыстырады, айырмашылықтарын қарапайым тілмен түсіндіреді және сізге ең қолайлы нұсқаны таңдауға көмектеседі.
Kasper қазақ және орыс тілдерінде сөйлеседі. Оған сұрақтарды мәтін арқылы да, дауыспен де қоюға болады.
Шілде айында Kasper алдымен Алматы қаласындағы клиенттерге қолжетімді болады, кейін біртіндеп бүкіл ел аумағында іске қосылады.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы — сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялықөнімдер мен сервистер жасау.
Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 25 миллионнан астам клиент және 900 мың серіктеспайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасытөлемдер, электрондық коммерция, онлайн-супермаркет, финтех, саяхат, хабарландырулар, мемлекеттік қызметтер және басқа да күнделіктісервистерді біріктіреді.
Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондықкоммерция платформаларының бірі — Hepsiburada-ғаиелік етеді.




