«Мисыз, менсіз картоп жинап жүрер ең»: Рыбакинаның жаттықтырушысы шектен шыққаны үшін жазаланды
Фото: Getty Images Тергеу барысында хорват жаттықтырушының этикалық нормаларды өрескел бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. The Athletic басылымының мәліметінше, Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жаттықтырушысы Стефано Вуков психикалық және

Фото: Getty Images
Тергеу барысында хорват жаттықтырушының этикалық нормаларды өрескел бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
The Athletic басылымының мәліметінше, Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жаттықтырушысы Стефано Вуков психикалық және физикалық қысым көрсеткені үшін WTA тарапынан бір жылға дисквалификация алды.
Тергеу нәтижесінде Вуковтың Еленаға қатысты ауыр сөздер айтқаны анықталды. Ол теннисшіні «мисыз» деп атаған, тіпті «менсіз ол Ресейде картоп жинап жүрер еді» деген сөздер қолданған. Сонымен қатар, Australian Open кезінде Вуков пен Рыбакинаның бір бөлмеде тұрғаны да айтылды.
2024 жылы Рыбакина Вуковпен жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді. Сол кезеңде Стефаноның WTA этика кодексін бұзғаны белгілі болып, ол ұйымнан шеттетілді.
Жаңа бапкер ретінде танымал хорват маманы Горан Иванишевич тағайындалды. Бірақ 2025 жылдың қаңтарында Елена Вуковты қайтадан командасына қайтарды, ал Иванишевичпен арадағы келісімшарт сол айда аяқталды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Индии скончался 16-летний пациент: его мать добивается перевозки биоматериала в Казахстан
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Бывший актив Боранбаева окончательно закрепили за «КазМунайГазом»
Жаннұр Еділбаева·