«Мұса пайғамбар секілді теңізді жарамын» деген жалған пайғамбар жұртқа күлкі болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде өзін «пайғамбармын» деп таныстырған уағызшының әрекеті қызу талқыланып жатыр. Видеода ақ киім киген ер адамның жақтастарын ертіп, теңіз жағасына келгені көрінеді.
Тараған ақпаратқа сәйкес, ол жиналған жұрттың алдында Мұса пайғамбардың мұғжизасын қайталап, теңізді екіге жарып көрсететінін мәлімдеген. Уағызшы су жиегіне жақындап, діни рәсімін бастаған кезде қасиетті кітаптан аяттар оқыла бастайды.
Алайда оқиға оның күткеніндей өрбіген жоқ. Теңіз суы екіге айырылмақ түгілі, кенеттен көтерілген алып толқындар уағызшы мен оның соңынан ерген адамдарды шайып кете жаздаған. Толқынға төтеп бере алмаған олар абыр-сабыр күйде жағаға қарай қашуға мәжбүр болды.
Оқиға түсірілген видео қысқа уақыт ішінде кең таралып, желі қолданушыларының қызу пікірталасына себеп болды. Көпшілік бұл әрекетті дінді желеу еткен даңғойлық пен жұрттың сенімін пайдалануға бағытталған әрекеттің сәтсіз аяқталуы ретінде бағалап жатыр.
Мұса секілді таяғымен суды «жарып» өтпек болған жалған пайғамбар теңізге батып кете жаздады

Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Проект Almaty SuperSki переходит к этапу практической реализации: Совет директоров принял ряд решений
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Совет директоров холдинга «Байтерек» утвердил решения по расширению финансирования реального сектора экономики
Жаннұр Еділбаева·