Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Фото: Reuters Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан 2 мыңнан астам адам көз жұмды, ал Тайландта 18 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo. Қирандылар астында жүздеген адам қалды Жергілікті биліктің мәліметінше, 270-ке жуық адам әлі із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Зілзала әсір

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты
Фото: Reuters Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан 2 мыңнан астам адам көз жұмды, ал Тайландта 18 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo. Қирандылар астында жүздеген адам қалды Жергілікті биліктің мәліметінше, 270-ке жуық адам әлі із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Зілзала әсіресе Сикайн аймағына үлкен залал келтірді. Құтқару жұмыстары жалғасуда, алайда билік құрбандар санының артуы мүмкін екенін ескертті. Reuters агенттігінің хабарлауынша, апат көршілес Тайландқа да әсер етіп, Бангкокте құлау қаупі бар зәулім ғимараттың астында 76 адам қалып қойған. Қазіргі таңда 18 адамның қаза тапқаны расталды. Гуманитарлық көмек көрсетілуде Біріккен Ұлттар Ұйымы Мьянманың орталық аймақтарындағы 23 мың зардап шеккен адамға гуманитарлық көмек жіберді. Үндістан, Қытай, Тайланд, Малайзия, Сингапур және Ресей құтқарушылар мен көмек жүктерін жөнелтті. АҚШ жергілікті ұйымдар арқылы көмекке 2 миллион доллар бөлді. Жер сілкінісі қалай болды? Еске сала кетейік, 28 наурызда Мьянмада 7,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат елдің орталық бөлігінде кең ауқымды қирауға әкеліп, мыңдаған адамды баспанасыз қалдырды.    

Ұқсас материалдар

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты · Todayinfo