Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Не дейсіз?»: Қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді

Фото: КазТаг Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов журналисттер әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Журналистер министрден: "Әскердегі өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары туралы білесіз бе?" – деп сұрады. Ол: "Не д

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Не дейсіз?»: Қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді
Фото: КазТаг Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов журналисттер әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Журналистер министрден: "Әскердегі өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары туралы білесіз бе?" – деп сұрады.
Ол: "Не дейсіз? Әскерилер? Не айтып тұрсыз?" – деп жауап берді.
Министрдің реакциясы журналистерді таңғалдырды. Олар: "Біздің сұрағымызға неге күлдіңіз?" – деп сұрады. Қосанов болса:
"Мен сіздерге шын айтам. Қазір ондай жағдай жоқ. Зорлау дейсіздер ме? Ондай фактілерді көрсетіңіздер. Дәлел көрсетпей, жай айта саласыздар", – деп жауап берді.
Оның айтуынша, тәуекелдерді азайту үшін командирлермен және психологтармен жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Камера орнатамыз, пресс-турлар ұйымдастырамыз, журналистерді айына бір рет болса да шақырамыз. Әскерде әлімжеттік (дедовщина) жоқ. Бірақ сіздер ондағы жігіттердің жастар екенін де түсінулеріңіз керек. Қоғамда да жастар бір-бірімен келіспей қалуы мүмкін. Әскер де – қоғамның бір бөлігі. Біз барлық тәртіптің сақталуы үшін барынша жұмыс істеп жатырмыз", – деп қорытындылады министр.

Ұқсас материалдар

«Не дейсіз?»: Қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді · Todayinfo